BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда несие картасын ұстайтындардың саны өсті

Бір жыл ішінде белсенді карталардың саны 20% артып, 2018 жылдың ақпан айының соңында 9,9 млн бірлікті құрады. Бұл туралы Ranking.kz аналитикалық қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ең қарқынды өсіп келе жатқан несие карталарының сегменті 31,9% құрап, 1,4 млн теңгеге дейін өсті. Бірақ бұл өткен жылғы 97,3% көрсеткішпен салыстырғанда аздау. Салыстырмалы түрде дебеттік карталар - 19,3% (өткен жылы 8,6%), басқалары (несиелік лимиті бар дебеттік және алдын ала төленген карталар) 2,7% қысқарған.

Белсенді карталардың ішіндегі несиелік карталардың үлесі бір жылдың ішінде 12,9% -дан 14,2%-ға дейін өсті.

Несие карталарындағы белсенділік өсімі республика аумағындағы барлық аймақта байқалды. Жылдық ең үлкен өсім Алматы облысында анықталды. Облыстағы несие карталары 2,5 есеге көбейіп, карточкалар саны 5,4 мыңға дейін жеткен.

Одан кейін - Оңтүстік Қазақстан облысы. Мұндағы көрсеткіш - 95%, 7,8 мың карта тіркелген. Үштікке енген Қызылорда облысының көрсеткіші 65%-ға жетіп, несиелік карта саны 3,3 мың болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер