BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандықтар қаңтарда 625,7 миллиард теңгеге сауда жасады

Жылдың бірінші айында қазақстандықтар дүкендер мен базарларда 625,7 миллиард теңгеге сауда жасады. Әрбір қала тұрғыны орта есеппен 60 мың теңге жұмсаған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz басылымына сілтеме жасап.

Қаңтар айында бөлшек сауда көлемі 625,7 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп және де инфляцияны ескергенде қалыпты көлемнен 4,3% артық.

Ең үлкен жылдық өсім Алматы облысында тіркелді – 23,6%, яғни 25,2 млрд теңге. Екінші орында – Қарағанды облысы, онда жылдық өсім 16,2% – 61,7 млрд теңгеге дейін артты. Үшінші орында – ОҚО, ондағы көрсеткіш 16% – 30,5 млрд теңге артты.

Қазақстандықтар саудасының 31%-ын (бір жыл бұрын 30%) азық-түлік өнімдеріне, қалған 69%-ын азық-түлікке жатпайтын тауарларға жұмсады.

Ауылдық жерлерге ресми бөлшек сауданың 8%-ы тиесілі, ал 2017 жылдың қаңтарында 7% болған.

Ресми түрде жасалған сауданың қаңтар айындағы орташа чегі әрбір азамат үшін 60 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4% көп.

Ең жоғарғы орташа чек алматылықтарға тиесілі. Қаржы орталығының тұрғыны қаңтарда орташа есеппен 109,3 мың теңге жұмсады, былтырғы көрсеткіштен 8,1% артық.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер