BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандықтар инфляцияны елемейді – зерттеу

Ұлттық банк 2018 жылдың ақпанындағы инфляциялық жағдайға шолу жасады. Оның қорытындысына сәйкес, қазақстандықтар инфляцияны қалыпты жағдай ретінде қабылдайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің басты банкі тұрғындар арасында өткен айда бағаның айтарлықтай өзгермегенін белгілегендер 51%-дан (қаңтардағы көрсеткіш) 58%-ға көтерілгенін хабарлады. Ал, баға күрт көтерілді дегендер, керісінше 28%-ға дейін төмендеген. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2017 жылдың қазанында бұл көрсеткіш 44% болған.

«Сауалнама қорытындысына сүйенсек, инфляцияның жағдайын қадағалап немесе бағалап отыратындардың саны азайған», - делінген Ұлттық банк таратқан пресс-релизде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер