Қазақстандық туристер шетелдегі демалысқа қанша ақша жұмсайды - Қаржы|24 Мамыр 2018, 12:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстандық туристер шетелдегі демалысқа қанша ақша жұмсайды

Фото: Total.kz

Яндекс.Ақша аналитигі Қазақстан тұрғындары шетелдегі саяхатқа орташа есеппен қанша ақша жұмсайтынын анықтады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Жыл ішінде шетелдік сайттар мен офлайн сауда айналымдарында карта арқылы төлеген Қазақстан тұрғындарының саны 2,3 есе көбейді. Мұндай төлем көлемі 1,8 есе өсті, ал орташа чек 10 978 теңгеден 13 682 теңгеге дейін ұлғайды.

Адамдар көбіне Еуропа елдері үшін шығындалады – 14 478 теңге (бір жыл бұрын 14 266 теңге). Азия елдеріне қазақстандықтар 4614 теңгенің (жыл бұрын 2387 теңге) чегін төлеген. Оңтүстік Америкаға 4031 теңге (3925 теңге), Солтүстік Америкаға 3818 теңге (3394 теңге), ТМД-ға 2970 теңге (2546 теңге) жұмсады.

Егер нақты елдерді алып қарасақ, Қазақстан тұрғындары Ұлыбритания, Қытай және Ресейге орташа есеппен — 15 539 теңге, 15 061 теңге және 14 637 теңге шығындады.

Үздік 5 елдің қатарында Чехия (13 205 теңге) және Эстония (10 713 теңге) бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер