BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық мұнай бағасы 18% қымбаттады

2017 жылдың желтоқсан айында қазақстандық мұнайдың бір тоннасы 46,1 мың теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Өткен аймен салыстырғанда қара алтынның бағасы 1,3% қымбаттады, ал жылдық котировкасы 18,7% өсті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бәрінен де Қызылорда мұнайының бағасы қымбат болған. Аталған аймақта шикізаттың бағасы 68,7 мың теңгеге жетті. Жыл басынан бері – 29,8%, айына 1,7% өсті.

Ақтөбелік мұнай өз кезегінде бір жыл ішінде 31,7% қымбаттады. Бір тоннасының бағасы – 51,7 мың теңге. Маңғыстау мұнайы бір жылда 17,6% қымбаттап, бір тоннасының бағасы 41,9 мың теңгеге дейін жетті. Ал Атырау мұнайы 15,4% қымбаттап, бағасы 43,5 мың теңге болады.

Өткен айда бензиннің бір тоннасы жыл басынан бері 9,7% қымбаттап, бағасы 136,2 мың теңге болған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер