BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық компанияларға инвестиция 54% өсті

2018 жылдың қаңтар-ақпан айында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі шамамен 1,2 трлн теңге болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың екі айымен салыстырғанда 54,4% ұлғайды.

Инвестицияның өскені еліміздің 14 өңірінде байқалды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан (2,4 есе) және Атырау облыстарында (2,1 есе) негізгі капиталға құйылған инвестицияның артқаны байқалды.

Екі ай ішінде ғимараттарға құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 567,1 млрд теңге, машина мен жабдық алғанға 418,8 млрд теңге, сонымен қатар басқа да шығындарға 201,4 млрд теңге жұмсалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер