BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық компаниялар жарнамадан 180 млрд теңге табыс тапты

2016 жылы нарық жағдайын зерттеу мен жарнама саласын дамыту 181,7 млрд теңге табыс әкелді. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

2016 жылы жарнамадан түскен пайда 181,7 млрд теңге болды. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 151,8 млрд теңгені құраған. Яғни өсім көлемі – 19,6 пайыз.

Ведомствоның мәліметінше, жарнама агенттіктері өткен жылы 158 млрд теңге табыс тапты. Қазақстандық компаниялар нарық пен қоғам пікірін зерттеу арқылы табысын 16 млрд теңгеге ұлғайтты.

Одан бөлек, жарнаманы БАҚ-та жариялаудан 7,5 млрд теңге табыс түсті.

Дереккөз: 7kun.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер