Астана, BAQ.KZ. Лондонда The Banker журналы бекіткен әлемнің үздік банктеріне сыйлықтар тапсыру рәсімі өтті. ForteBank екінші жыл қатарынан "Қазақстандағы жыл банкі" номинациясында жеңіске жетті.
Астана, BAQ.KZ. Лондонда The Banker журналы бекіткен әлемнің үздік банктеріне сыйлықтар тапсыру рәсімі өтті. ForteBank екінші жыл қатарынан "Қазақстандағы жыл банкі" номинациясында жеңіске жетті.
The Banker сарапшыларының пікірінше, ForteBank жеңісін анықтаған негізгі факторлар нарықтық позициялардың күшеюі, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуі, бизнестің жаңа бағыттарының дамуы және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасы болды.
Айта кетейік, ForteBank активтер көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің бестігіне кіреді және капиталдандыру, өтімділік деңгейі бойынша жетекші орынға ие.
Жалпы, The Banker жыл сайын банктердің серпінді өсуі, инновациялық банк технологияларын әзірлеу және енгізу, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру критерийлерін негізге ала отырып, әлемнің 140-тан астам елінен ең үздік қаржы институттарын таңдайды. The Banker журналы 1926 жылдан бастап шығарылады және Financial Times тобына кіреді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!