BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда жыл соңына дейін қосымша 9 микроқаржы ұйымы құрылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылдың соңына дейін елімізде микрокредит ұсынатын қосымша 9 микроқаржы ұйым құрылады. Бұл жөнінде кезекті үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде қалалардағы микрокредиттеу үшін 2018 жылы бөлінген қаржы 17 млрд теңгені құрады. Қазіргі кезде 11,1 млрд теңге игеріліп, 1 042 жоба қаржыландырылды. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағда бойынша салық органдарының мәліметіне сәйкес, 2017 жылы микрокредит алған бағдарлама қатысушылары 7,6 млрд теңгеге өнім шығарды, мыңға жуық жұмыс орнын құрды және сақтап қалды, сондай-ақ, бюджетке 299 млн теңге салық төледі. 2018 жылдың нәтижесі бойынша бизнестің салық есептілігі бағаланып, яғни, экономикадағы бюджет қаражаты толық қолданылғаннан кейінгі тиімділік көрсеткіштерінің айтарлықтай артуы күтілуде», - деді министр.

Сүлейменовтың айтуынша, экономика салаларының бөлінісінде аталған бағдарлама аясында қарыз алушылардың көп бөлігі сауда, қызмет көрсету, өңдеуші өнеркәсіп және құрылыс салаларында қызмет атқарады.

«Микрокредиттерді кепілдендіру бойынша 2018 жылы 1,9 млрд теңгеге 320 шарт жасалып, әрбір үшінші қарызға кепілдік ұсынылған. Ағымдағы жылдың сәуір айында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің шағын жобаларына қолдау көрсету мақсатында бағдарламаның қарыз алушылары санынан белсенді кәсіпкерлер алынып тасталды», - деп баяндады ведомство басшысы.

Белгілі болғандай, кредиттердің қайтарылмау тәуекелі жоғары болғандықтан, бағдарламаға қатысатын екінші деңгейлі банктердің саны айтарлықтай қысқарып отыр.

«Осыған орай, ағымдағы жылы банктік қаржыландырудан бөлек, өңірлерде жеңілдікті несиелендірудің альтернативтік инфрақұрылымын құру ұсынылып отыр. Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен 4 облыста, олар Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстауда микроқаржы ұйымдары құрылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында тағы 9 микроқаржы ұйымы құрылатын болады», - деді Сүлейменов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер