BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда ұшқыштар қанша жалақы алады?

Фото: Air Astana

2017 жылы әуе көлігі жүргізушілерінің орташа жалақысы 316,9 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 6,5% өсті. Әуе компанияларының жетекшілері өткен жылы шамамен 1,8 млн теңге көлемінде жалақы алған болатын.

Бөлім жетекшілерінің жалақысы 866,3 мың теңге, ұшақтардың ұшуына жауап беретін жетекшілер 338,9 мың теңге, авиациялық отрядтың инженерлері 131 мың теңге, борт инженерлері 760,8 мың теңге, инженер-авиациялық қызметтің инженерлері 379,9 мың теңге және Еңбек пен техника қауіпсіздігін күзететін инженерлердікі 177,7 мың теңге болды.

Әуе кемелерін эксплуатациялайтын авиациялық техниктер орташа есеппен 168,1 мың теңге, әскери ұшақты басқаратын ұшқыштар 171,7 мың теңге, авиациялық ұшқыштар 991,3 мың теңге, штурмандар 667,4 мың теңге, аэродром диспетчерлік пунктінің диспетчерлері 149,2 мың теңге, бортмеханиктер 339,9 мың теңге көлемінде жалақы алды.

Ал бортсеріктер 289,7 мың теңге, жанғыш-майлағыш материалдар бойынша авиациялық техниктер 190,4 мың теңге, жүк ұшақтарының бортоператорлары 536,4 мың теңге, бортрадистер 589,2 мың теңге көлемінде жалақы алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер