Қазақстанда тауар экспорты 25,9% ұлғайды - Қаржы|10 Мамыр 2018, 11:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда тауар экспорты 25,9% ұлғайды

Алдын ала бағалау бойынша ағымдағы операциялар шоты 2017 жылғы 1-тоқсандағы 1,4 млрд АҚШ доллар дефицитпен салыстырғанда 2018 жылғы 1-тоқсанда 95 млн АҚШ долл. аздаған дефицитпен қалыптасты. Энергия тасымалдауыштары бағасын қалпына келтіру аясында сауда балансы профицитінің ұлғаюы ағымдағы операциялар шоты дефицитінің қысқаруына себепші негізгі фактор болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала деректер бойынша сауда балансының оң сальдосы 2017 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда 41,7% ұлғайып, 6,1 млрд. АҚШ долл. болды. Тауарлар экспорты 25,9 % ұлғайды және 13,8 млрд. АҚШ долл. болды. Мұнай және газ конденсаты экспортының құны (жалпы экспорттан 60,3%) баға және сандық көлемдердің ұлғаюы есебінен 35,5%-ға өсті. Түсті металдар экспорты 8,5%-ға өсті, қара металдар экспорты 2,2%-ға аздап төмендеді. Астық экспорты екі есеге дерлік ұлғайды.

Тауарлар импорты 15,7% өсті және 7,8 млрд. АҚШ доллары болды. Импорттың өсуі негізгі тауар номенклатурасының барлық тобы бойынша болды. Ең көп ұлғаю (24,8%-ға) инвестициялық тауарларды әкелу (ресми импорттан 35,4%) бойынша болды. Аралық өнеркәсіптік тұтыну тауарларын әкелу 9,2% ұлғайды. Тұтыну тауарларының импорты 13,3%, оның ішінде азық-түлік тауарларын әкелу – 16,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,5% өсті.

Шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері 4,6 млрд. АҚШ долларға дейін 6,7% өсті. Бейрезиденттердің тікелей инвестициялардан кірістерінің жартысынан көбі қазақстандық еншілес кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталды.

Қаржы шоты бойынша (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) алдын ала деректер бойынша резиденттердің олардың активтерінің қысқаруы аясында міндеттемелерінің төмендеуімен қамтамасыз етілген капиталдың таза әкетілуі 0,6 млрд. АҚШ доллар болды.

Шетелдік тікелей инвестициялар (ШТИ) бойынша капиталдың таза әкелінуі 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Капиталдың әкелінуі шетелдік үлестес компаниялардың қазақстандық кәсіпорындар алдындағы өздерінің борыштық міндеттемелерін өтеумен және бейрезиденттердің кірістерін қайта инвестициялаумен қамтамасыз етілді. Бейрезиденттерге дивиденттерді айтарлықтай төлеумен байланысты (төлем балансын жіктеу бойынша капиталды алу ретінде қарастырылатын супердивиденттер деп аталатын) капиталдың әкетілуі капиталдың әкелінуін ішінара өтеді.

Портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкетілуі, негізінен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың (ҚМГ БӨ) «ҚазМұнайГаз» АҚ-тың ҚМГ БӨ-ға өз бақылауын ұлғайтуы мақсатында нарықта өз акцияларын және ауқымды депозитарлық қолхаттарды сатып алуы, сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ-тың валюталық портфелінің өсуі және оның 220 млн. АҚШ доллар мөлшеріндегі активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру есебінен 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 30,6 млрд. АҚШ долларына бағаланды, бұл қазақстандық тауарлар мен қызметтер импортын 8,4 ай қаржыландыруды қамтамасыз етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер