BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда қай облыс тұрғындары ең көп жалақы алады

Фото: Baribar.kz

Бір жыл ішінде қазақстандықтардың атаулы ақшалай табысы 6,5% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылы Қазақстан Республикасындағы адам басына шаққандағы бір жылдағы орташа ақшалай табыс 978,3 мың теңгені құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 6,5% көп. Алайда халықтың сатып алуға жарамдылығы 0,9% төмендеді.

Ең жоғары көрсеткіш – Атырау облысында. 2017 жылы аталған аймақта орташа есеппен тұрғын басына шаққанда әрқайсысы 1,7 млн теңге алады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,8% көп. Сондай-ақ, лидерлер үштігіне Астана (2017 жылы 1,6 млн теңге) мен Алматы (1,5 млн теңге) кірді.

Төртінші орында Маңғыстау облысы тұрғанымен, аталған аймақта бұл көрсеткіш 4,2% төмендеді. Бұл аталған көрсеткіш төмендеген жалғыз аймақ. Облыс тұрғындарының сатып алу жарамдылығы бірден 10,2% төмендеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер