BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда ірі жер сілкінісі болған жағдайда халықтың 7%-ы өтемақы алады

Қазақстанда ірі жер сілкінісі болған жағдайда халықтың 5−7% өтеамақы алады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz басылымына сілтеме жасап.

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында 2011 жылдың 22 ақпанында 6,3 магнитудамен ірі жер сілкінісі болды. Содан бері 7 жыл өтсе де, әлемдік қайта сақтандыру ұйымдары қарыздарын төлеп жатыр.

Дегенмен осынша уақыт өтсе де, Жаңа Зеландияда экономиканы қайта қалпына келтіруде ешқандай проблема болмады. Себебі жаңазеландиялықарға сақтандыру қызметін ұсынатын халықаралық қайта сақтандыру компаниялары шұғыл түрде әрі толық көлемде өз міндеттерін орындауда. Сондықтан да ел экономикасы құлдырамады.

Кapital деректері бойынша Зеландияда сақтандыру/қайта сақтандыру компания клиенттерінің 70−80% алған зардабы үшін өтемақы алған. Ал Қазақстанда, өкінішке қарай, мұндай апат болған жағдайда халықтың 5−7%-ына не одан аз бөлігіне өтемақы төленеді.

Сонымен қатар, Жаңа Зеландия Тынымұхиты жанартаулы аймағына жатады. Бұл аймақта әлемдегі жер сілкінудің 90%-ға жуығы және ең ірілерінің 80% болады. Адамдар осындай қауіп бар екенін білген соң сақтандыру қызметіне жүгінеді. Қазақстан да сейсмикалық аймақта тұр. Бірақ жекелеген адамдарда ғана сақтандыру полисі бар.

Сондықтан елімізде қазір адамдарды табиғи және техногендік апаттардың салдарынан құтқару немесе қорғау жүйесі тек теория жүзінде іске асқан. Тәжірибе жүзінде қолға алынбаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер