BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Депозиттер бойынша жаңа сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді және жинақ салымдары бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бекітілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ұлттақ банкке сілтеме жасап.

2018 жылдың 1 қазанынан бастап жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша шарттар өзгереді. Енді жеке тұлғалардың салымдары мерзімді, мерзімсіз және жинақ болып жіктеледі.

Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері салымның түрі мен мерзіміне, мерзімінен бұрын алу құқығы мен толықтыру құқығына байланысты сараланатын болады. Осыған байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жаңа ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

«Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде – барлық салымдар түріне, төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы ақшаға) кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 27 банк кіреді», - делінген реттеушінің хабарламасында.

ҚДКБҚ кепілдігі жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық депозиттеріне таралады.

Төмендегі кестеде тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттер категориясы келтірілген:

Тіркелген пайыздық мөлшерлемесі бар депозиттер категориясы

Толықтыруға құқығы жоқ салымдар бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме

(ЖТСМ*)

Толықтыруға құқығы бар салымдар бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме

(ЖТСМ*)

Кепілдіктің ең жоғарғы сомасы

1.

Ұлттық валютадағы мерзімсіз салымдар

10,50%

10 млн. теңге

2.

Ұлттық валютадағы мерзімді депозиттер

3 айға дейін қоса алғанда

11,00%

10 млн. теңге

6 айға дейін қоса алғанда

11,80%

11,00%

10 млн. теңге

12 айға дейін қоса алғанда

12,00%

11,00%

10 млн. теңге

24 айдан жоғары

12,50%

10,50%

10 млн. теңге

3.

Ұлттық валютадағы жинақ салымдар

3 айға дейін қоса алғанда

12,00%

15 млн. теңге

6 айға дейін қоса алғанда

12,80%

12,00%

15 млн. теңге

12 айға дейін қоса алғанда

13,00%

12,00%

15 млн. теңге

24 айдан жоғары

13,50%

11,50%

15 млн. теңге

4.

Шетел валютасындағы депозиттер

1,00%

5 млн. теңге

Айта кетейік, шетел валютасындағы салымдар бойынша ағымдағы тәсіл сақталады, сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзіміне қарамастан бірыңғай болып табылады және 1% деңгейінде сақталады.

Салымдарды жіктеу және бекітілген ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемесі 1 қазаннан кейін қабылданатын немесе ұзартылатын жеке тұлғалардың салымдарына таралады. 1 қазанға дейін қабылданған салымдарға бұрын жасалған шарт талаптарына сәйкес қызмет көрсетілетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер