BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда 2,3 млрд теңгеге ипотекалық қарыздар қаржыландырылды

2018 жылғы 1 шілдеде банктер валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 5 млрд теңге сомаға 802 өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Алайда тек 2,3 млрд теңге сомаға 462 қарыз қайта қаржыландырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 28 шілдеде ҚРҰБ Алматы қаласының Әкімдігімен бірге бірқатар банктермен проблемалық қарыз алушыларды жалғыз баспанасынан шығаруды 1 жылға тоқтата тұруға бағытталған Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Бүгінде аталған шаралар қарыз алушылардың көпшілігін Бағдарламаға тартуға және банктердің проблемалық қарыз алушыларды баспанасынан шығаруды іс жүзінде тоқтата тұруға мүмкіндік берді.

2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктер 152,5 млрд теңге сомаға қайта қаржыландыруға арналған 24 421 өтінімді мақұлдады, 126,3 млрд теңге сомаға 22 009 қарыз қайта қаржыландырылды.

Қаражатты игерудің револьверлік тетігін ескере отырып Бағдарламада 2026 жылға дейін 40 000 жуық қарыздарды қамту көзделген.

«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-тың салымы бойынша сыйақының есебінен банктерге ХӘОТ қарыз алушыларының 215 млн теңге мемлекеттік баж сомасы бойынша берешегі, сондай-ақ проблемалық валюталық қарыздар бойынша 7,4 млрд теңге сомаға бағамдық айырма өтелді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер