Қазақстанда 20 мың теңгелік мерейтойлық банкнот шығарылады, оның құнсыздануға еш қатысы жоқ - Г.Марченко - Қаржы|25 Шілде 2013, 20:29
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда 20 мың теңгелік мерейтойлық банкнот шығарылады, оның құнсыздануға еш қатысы жоқ - Г.Марченко

 Астана. 25 шілде. Baq.kz –Теңгенің 20 жылдығына орай шығатын жиырма мыңдық банкноттың құнсыздануғ еш қатысы жоқ. Бұл туралы бүгін онлайн-конференция барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді.

 «Теңгеге 20 жыл, оған балама 20 мың теңгелік. Алғашқы мерейтойлық банкнот 2001 жылы шықты, онда Қазақстанның Тәуелсіздігіне 10 толған болатын. Сондықтан естеріңізге сала кетейін, мерейтойлық банкноттар есте қалар шараға арналады. Мерейтойлық банкноттардың маңызды рөлі бар, оларда жаңа технология жаңа қорғаныс қолданылады. Егер бәрі дұрыс өтсе осы мерейтойлық ақшаның негізінде айналымдық ақша жасалынады. 20 мың теңгелік мерейтойлық банкноттың инфляция мен құнсыздануға қатысы жоқ»,- деп мәлімдеді Григорий Марченко.
Ол сондай-ақ энергия көздеріне баға өсіп отырғанына қарамастан, соңғы төрт жыл жарым ішінде ұлттық валютаның кезекті құнсыздануы туралы сыбыстар 15-тен астам рет пайда болды, деп атап көрсетті.
«Әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 100 АҚШ долларынан асып, жоғары деңгейде сақталуда. Оның үстіне соңғы айларда оның өсу үрдісі байқалады», - деп қосты Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша, ағымдағы жылғы маусымның басында теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының барлық шетелдік валюталарға қатысты индексі 2009 жылдың ақпанымен салыстырғанда 1,8 пайызға өсті, бұл отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі сақталып отырғанын көрсетеді. Ресейлік рубльге қатысты индекс 16,2 пайызға төмендеді, бұл қазақстандық өндірушілер үшін бәсекелік жағдайдың елеулі жақсарғанын және өзара бағамдарды өзгертуде қор бар екенін көрсетеді.
«Қазіргі кезде теңгенің құнсыздануына ішкі, сондай-ақ сыртқы себептер жоқ, Ұлттық банк нарықтық алғышарттарға орай айырбас бағамының жалпы тренді серпінін қалыптастыруға әсер етпей, теңгенің айырбас бағамының шұғыл құбылыстарын жұмсарту мақсатында валюта саясатын жүргізуді жалғастыруға ниетті», - деп атап көрсетті Г.Марченко.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер