BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан қор биржасының индексі 2016 жылдан бастап 2,5 есе өсті – Ақышев

Фото: Sputnik Казахстан

Алматы, BAQ.KZ. Акциялар мен биржаның борыштық бағалы қағаздарының нарығын капиталданыру үш жылға толмаған уақытта 25 трлн теңгеге дейін 16%-ға өсті. Бұл туралы Данияр Ақышев Қазақстан қаржыгерлері VIII конгресінде айтты.

Оның айтуынша, Қазақстан қор биржасы бірегей алаң болып табылады, онда бағалы қағаздар нарығына қатысушылар, қаржы құралдары, ақша, шетел валютасы және деривативтер шоғырландырылған.

«Қазақстан Ұлттық банкі реттеуші ретінде инфрақұрылымды оңтайландырды және реттеуші тәсілдерді барынша ырықтандырды. Келесі жылдың басынан бастап Орталық депозитарий мен Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі бірігеді. Біріктірілген ұйым ел ауқымында бірегей болмақ және әлемде оған ұқсасы да болмауы ықтимал», - деп түсіндірді Д. Ақышев.

Ол эмитенттерге қатысты бақылау-қадағалау функцияларының қысқарғанын айтты. Бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру бойынша рұқсат беру рәсімдері оңтайландырылды. Инвестицияның пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар сияқты ұжымдық нысандарының жұмыс істеуіне қойылатын талаптар барынша ырықтандырылды.

Бұған қоса, Д. Ақышевтың айтуы бойынша, оң үрдістерге қарамастан қор нарығын бизнесті қорландырудың нақты құралына айналдыру бойынша біршама жұмыс істеу қажет. «Біз ертеңгі Биржалық форум шеңберіндегі барлық мәселелерді талқылауға дайынбыз және ең маңызды даму бағыттарын айқындауға үміттенеміз», - деп сөзін қорытындылады Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер