BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан ғарыш жобаларына қанша қаражат бөледі?

Қаржы бюджеттен 2018-2020 жылдары бөлінеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бәйтерек» «Зенит» жер үсті ғарыш кешенінің инфрақұрылымына 1,2 млрд теңге қаржы алады. Қаржы «2018-2020 жылдардағы республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес бөлінеді.

Ресей Байқоңыр ғарыш айлағында жалға алған «Зенитті» 2018 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанға қайтарады. Бұдан өзге, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі «Қазақстан Ғарыш Сапары» жарғылық капиталын көбейту үшін 2018 жылы 5,4 млрд теңге алады. Қаржы ғарыш жүйесін құрастыруға, технологиялар мен олардың қолданылуына жұмсалмақ.

Мұнымен қатар, апат пен зілзала кезінде көмекке шақыру жүйесін ойлап табу үшін жұмсалады. 2018-2020 жылдар аралығында министрлік бұл мақсаттарға 696,3 млн теңге бөлмек. Ресей жалға алған аймаққа кірмейтін Байқоңыр айлағының утилизациясы мен рекультивациясына 148 млн теңге, ал жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне 57,7 млн теңге бөлінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер