BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан бюджет туралы ақпараттардың қолжетімділігін арттырды

Фото: 1obl.ru

Қазақстан халықаралық критерийлерге сай бюджет туралы мәліметтердің қолжетімділігін 51 ұпайдан 53 ұпайға көтерді. Бұл туралы «Сандж» зерттеу орталығының директоры Жанар Жандосова айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Интерфакс-Казахстан басылымына сілтеме жасап.

«Ұпай саны бұдан да жоғары болуы мүмкін еді. Себебі, біз бюджет туралы мәліметтердің қолжетімді болуына қатысты ұпайымызды жақсарттық. (...) Бірақ, бұл жылы, өкінішке орай, бюджетке дейінгі мәлімдеме кешірек жарияланды. Қазақстанда бұл рөлді әлеуметтік-экономикалық өсім болжамы атқарады», - дейді ол Астана қаласында сәрсенбі күні өткен баспасөз конференциясында.

Орталық директорының мәліметінше, Қазақстанда бұл көрсеткіш өзге мемлекеттердікіне қарағанда төмен.

«Ресей, Түркия және Қырғызстан сынды мемлекеттер бізге қарағанда бұл мәселеде алда келеді. Мысалы, Ресейде 72 ұпай. Грузия осы жылы қоғамға бюджет туралы толық мәлімет ұсынатын мемлекеттер қатарынан табылды», - дейді Жанар Жандосова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер