Қазақстан валюта нарығының айналымы арту үстінде - Қаржы|09 Тамыз 2013, 11:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан валюта нарығының айналымы арту үстінде

Астана. 9 тамыз. Baq.kz – ҚР ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 32,9%-ға ұлғайып, 7,8 млрд. АҚШ долл. болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылғы шілдеде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 151,81–153,47 теңге аралығында өзгерді. Айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 153,47 теңге болды.

2013 жылғы шілдеде қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі 2013 жылғы маусыммен салыстырғанда 52,7%-ға өсіп, 6,4 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 15,4%-ға төмендеп, 1,4 млрд. АҚШ долл. құрады.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер