Қазақстан Мәскеу биржасында - Қаржы|27 Тамыз 2013, 09:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Мәскеу биржасында

Астана 27 тамыз. Baq.kz - Қазақстанның банктері Мәскеу биржасында сауда саттық жасайтын болады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агентігі хабарлады.
 

Еліміздің қаржы орталықтары келісім аясында барлық валюталық құралдармен жұмыс істеп, ТМД елдерінде шетел валютасымен сауда саттық жүргізуге мүмкіндік алды. Бұған дейін Мәскеу биржасы бақтарын сынауға Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше елдердің банктеріне рұқсат берген еді. Енді міне, алғаш рет отандық банктер Ресейдің валюталық лицензиясын алмай-ақ кәсібінің тасын өрге домалата бермек.
Игорь Марич, МБ қаржы нарығының басқарушы директоры:
- Жалпы, Мәскеудің қаржы қорына өзге мемлекеттердің банктерін шақырту, бұл Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың біріктірілген валюталық нарық құру жобасының бір бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда біз Қазақстанмен қоса Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің банктеріне де жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отырмыз. Олардың ішінде тек, Беларуссияның каржы орталықтары белсенділік танытып отыр. Алайда, жуық арада өзге мемлекеттерде Мәскеу биржасының валюталық нарығында өздерін көрсететін болады деп ойлаймыз.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер