BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәсіпкерлікті несиелендіру күн санап артып келеді

Астана. 21 қазан. Baq.kz – Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру ел экономикасын несиелендірудің жалпы көлемінің 13,6%-ын құрады. Бұл 2013 жылдың тамыз айының көрсеткіші, деп ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шағын кəсіпкерлік субъектілерін несиелендіру жыл басынан бері 3,6% өссе, 2013 жылғы тамызда 1462,6 млрд.теңгеге дейін 0,2%-ға артты. Салалар бойынша банктердің экономиканы несиелендіру анағұрлым айтарлықтай сомасы саудаға – 19,4%, құрылысқа - 13,0%, өнеркəсіпке - 11,9%, көлікке - 3,3% жəне ауыл шаруашылығына - 3,1% тиесілі.
2013 жылғы тамызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,9% болды.
 

Мөлдір Асқар


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер