BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәсіпкерлер палатасы экспортқа арналған 3 мыңға жуық сертификат берді

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы экспортқа арналған 3 мыңға жуық сертификат берді. Бұл туралы сертификаттау жөніндегі маман Бибігүл Омарова хабарлады. 2015 жылдың наурызынан 2016 жылдың мамырына дейін экспортқа тауарлардың шығу тегі туралы 2739 сертификат берілді. Өнім әлемнің 20 еліне, оның ішінде Кеден одағының, Еуропа одағының, Азия елдеріне экспортқа шығарылды.

«Көбінесе, гипсокартон табақтары, құрғақ құрылыс қоспалары, бетон мен ерітінділерге қоспалар, мәрмәр ұн, поливинилхлоридтен жасалған бейінді бұйымдар, су-дисперсиялық бояулар, қағаз, картон, гофрлеуге арналған жәшіктер, полиолефин қақпақтар, сонымен қатар бала гигиенасы құралдары, дәрілік заттар, ұн-жарма өнеркәсібі өнімдері, қышқыл- сүт өнімдері, алкогольсіз, шырынды сусындар және нәрлер»,– деп атап өтті маман.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 12 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы туралы» заңға сәйкес «Атамекен» тауардың шығу тегі туралы серттификаттарды рәсімдеу және куәландыру бойынша міндетті іс-қызмет аясына кірісті. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы сертификаттар беруді өткен жылдың наурызында бастады. Содан бері Палатаға СТ-KZ сертификатын рәсімдеу жөнінде 1448 өтінім келіп түскен, олардың 1420-сы (97,4%) рәсімделді, 28-і (2,6%) негізді себептермен қайтарылды.

Теріс ниетті тауар өндірушілерді анықтау жөнінде де жұмыс жүргізілгенін атап өту қажет. «ҰКП сараптау комиссиясы қорытындысы негізінде ішкі аудит нәтижелері бойынша 2 сертификат жойылды, 5 сертификат ерікті түрде күшін жойды», – деп хабарлады Жанна Маратова.

Сонымен қатар ӨКП қызметкерлері аймақтағы базарлар мен сауда үйлерін төлқұжаттандыруды жүргізуде. Қазіргі уақытта облыс аумағында 77 сауда орны жұмыс жасап тұр.

ӨКП сауда қатынастарын реттеу үшін «Шаған» базарында болған өрт кезінде жапа шегушілерге жәрдем көрсетті. Жүргізілген келіссөздер арқасында базар әкімшілігі ұсынылған орындарға ақы төлеу бойынша жалдау ақысын төмендетті. Сонымен бірге Ұйғыр, Панфилов аудандарында жүгері сатуда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәселесі шешілді.

Ақсу ауданы кәсіпкерлерінің өтініші бойынша бизнес-жоспар, айналым құралдарын толықтыру және дүкенді кеңейтуге несие алу мақсатымен банкке қолдау жасалды. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласында 3000 шаршы метр сауда орталығын салуға бизнес- жоспар әзірленуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер