BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

KASE күндізгі сессиясы: 1 доллар 320,41 теңгені құрады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 320,41 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

KASE-нің мәліметі бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққан бағамы 320,41 теңгені көрсетіп, сауда-саттық көлемі – 121 500 мың АҚШ долларын құрады.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 320,39 теңгені құрады. Осылайша доллар бағамы 0,63 теңгеге нығайды. Ал, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 207 400 мың доллар болды.

Осы ретте Ресей рублінің еліміздегі валюта нарығындағы жағдайына тоқтала кетсек. Таңертеңгі және күндізгі сессия қорытындысы бойынша теңгенің рубльге шаққандағы орташа бағмы 5,5031 теңгені көрсетіп, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 131 700 мың рубльді құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер