KASE: Доллар бағамы көтеріліп келеді - Қаржы|04 Маусым 2018, 15:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

KASE: Доллар бағамы көтеріліп келеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бір АҚШ долларына 330,79 (+0,01 теңге) теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен, теңгенің бағамы бір АҚШ долларына 330,79 (+0,01 теңге) теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 34 100 мың долларды құрады. Бұл алдыңғы сауда саттықтан 8 750 мың долларға аз.

Ал, Ресей рублі бойынша мәмілелер мүлдем жасалмады. Сессия жабылар сәтте сұраным бір рубльге 5,3200 теңге, ұсыным бір рубльге 5,3300 теңгені құрады.

Сонымен қатар, Қытай юані бойынша орташа сараланған бағам бір юаньға 51,5550 теңгені, ұсыным – бір юаньға 51,5800 теңгені құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер