BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

KASE: Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 319,9 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

KASE-нің мәліметі бойынша сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,49 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 319,47 теңге, ал ең жоғарғысы 320,5 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 53,95 млн долларға жетті.

Сейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 320,39 теңге, күндізгі сессияда 320,36 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 320,37 теңге болған.

Сауданың жалпы көлемі 111,95 млн долларды құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер