Қаржы вице-министрі мемлекеттік қарыз не себепті өскенін айтты - Қаржы|05 Маусым 2018, 11:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қаржы вице-министрі мемлекеттік қарыз не себепті өскенін айтты

ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов сенаторларға мемлекеттік қарыздың не себепті артқанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекеттік қарыз және квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы бойынша көп талқылаулар болды. Шынымен де, бұл бағытта өсім бар. Қарыздың құрылымында негізгі үлес үкіметтік борышқа тиесілі. Оның көлемі жыл сайын қарыз алу есебінен республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру сомасына артып отыр», - деді вице-министр.

Осы орайда Берік Шолпанқұлов Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің тапшылығын алдағы жылдары тұрақты түрде төмендетуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Ағымдағы жылы республикалық бюджет тапшылығы көлемі ЖІӨ-ге шаққанда 1,5%-ті құрады, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 2,6%-ті қамтыды. Демек бұл бағытта төмендеу үрдісі байқалып отыр. Алдағы уақытта валюталық тәуекелдерден тәуелділікке жол бермес үшін қарыз алу капиталдың ішкі нарықтарына негізделеді», - деді ол.

Сонымен қатар Қаржы вице-министрі квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы да бақылауға алынғанын хабарлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер