BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қаржы дағдарысы кезiнде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру керек - М. Бекетаев

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Қаржы дағдарысы кезiнде Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру керек. Бұл туралы Президент Әкiмшiлiгi басшысының орынбасары Марат Бекетаев «Инвестицияларды қорғаудың институционалдық тетiктерiн жетiлдiру. ҚР-ның инвестициялық даулар және төрелiк туралы заңнаманың жаңашылдықтары» атты дөңгелек үстел барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын iске асыру үшiн Жоғарғы сотта және Астана қалалық сотында Инвестициялық даулар жөнiндегi мамандандырылған алқалар құрылып, жұмыс iстеп отыр. Олар инвестицияларды сақтау мен қорғаудың құқықтық тетiктерiнiң бiрi саналады. Әлемде де бұл кең тараған... Бiз осы талқылаудың қорытындысы бойынша әзiрленген ұсынымдар iске асырылып, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа серпiн бередi деп үмiттенемiз. Бұл жалғасып отырған қаржы дағдарысы кезiнде өте маңызды», - дедi М.Бекетаев.

Атап өтсек, дөңгелек үстелге Президент Әкiмшiлiгi, мемлекеттiк органдардың басшылары, судьялар, Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес мүшелерi, басқа да лауазымды тұлғалар мен «Теңiзшевройл», «Лукойл», «Қазақмыс корпорациясы», «Шұбаркөл көмiр» мен басқа да елiмiздегi iрi инвесторлардың өкiлдерi қатысып отыр.

Дөңгелек үстел шеңберiнде инвестициялық дауларды шешудiң мәселелерi мен келешегi, инвесторлардың мәртебесiн анықтау, инвестицияларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етудегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рөлi, салық даулары бойынша сотқа дейiнгi аппеляцияның тетiктерiн қайта қарау, жер қойнауын пайдалану туралы заңнама бойынша мәселелер қаралуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер