BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 8 аукцион өтті

Астана. 18 желтоқсан. Baq.kz – 2013 жылғы қарашада ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 8 аукцион өткізілді. Онда 6 жылдық МЕУКАМ (4,5 млрд. теңге), 7 жылдық МЕУКАМ (3,7 млрд. теңге), 9 жылдық МЕУКАМ (6,1 млрд. теңге жəне 7,0 млрд. теңге), 10 жылдық МЕУКАМ (3,6 млрд. теңге), 13 жылдық МЕУКАМ (5,1 млрд. теңге), 20 жылдық МЕУКАМ (13,9 млрд. теңге), 12 жылдық МЕУЖКАМ (14,3 млрд. теңге) орналастырылды.

Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік: 6 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,00%, 7 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,20%, 9 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,40 жəне 5,90%, 10 жылдық МЕУКАМ бойынша – 6,60%, 13 жылдық МЕУКАМ бойынша 6,70%, 20 жылдық МЕУКАМ бойынша – 7,70%, 12 жылдық МЕУЖКАМ бойынша инфляция деңгейінен 0,01% құрады.
Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 1,7% ұлғая отырып, 2013 жылғы қарашаның аяғында 3443,5 млрд. теңгеге жетті.

Мөлдір АСҚАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер