Карточкадағы қаражат айналымы өсіп келеді - Қаржы|12 Тамыз 2013, 16:26
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Карточкадағы қаражат айналымы өсіп келеді

Астана 12 тамыз Baq.kz - Алғашқы жарты жылдың қорытындысы бойынша елімізде барлығы 13,7 млн. төлем карточкалары шығарылған. Барынша таралған карточкалар дебюттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 78,2% құраса, кредиттік карточкалардың үлесі - 19,0% жеткен. Ал карточкаларды ұстаушылар саны - 12,1 млн. адам болған. Бұл туралы ақпаратты Ұлттық банк өз сайтында жариялаған.  

Қазіргі таңда әр адамның басында кем дегенде екі несиесі бар. Оның үстіне кредиттік карточка арқылы алынған несиенің пайызы тым жоғары. Осыған орай карточканың бұл түріне сұраныс төмен, дейді сарапшылар.
Айта кетерлік жайт, елімізде қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүргізу біршама жолға қойылған. Сондықтан болар бұл салада өсім айтарлықтай жоғары. Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар арқылы (көлемі жағынан) 65,1%, банкоматтар арқылы 22% жасалды. Ал қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жасалады (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы санынан және көлемінен 97,9% және 89,4%).
Жалпы Қазақстан бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 24 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі - 95,2%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express Internationa және, China Union Pay. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; SmartAlemCard - «БТА Банк» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер