BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Банкоматтан картасыз қалай ақша алуға болады

Әлемнің кез келген банкоматынан комиссиясыз ақшаңызды шешіп немесе 55 күндік пайызсыз несие алуыңызға болады. 2017 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстандағы үздік банктердің бірі - «ForteBank» жаңа өнімдерін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгінде елімізде 30-дан аса банк халыққа қызмет көрсетеді. 2017 жылдың нәтижесі бойынша Лондондағы “The Banker” журналының шешімімен “Қазақстандағы үздік банк” номинациясын жеңіп алған банк – «ForteBank». Ал “Global Finance” журналының қорытындысы бойынша 2018 жылы “Қазақстандағы үздік банк” атанған Фортенің қандай тиімді қызметтері бар?

Саяхаттау барысында бес валютаны қатар басқарыңыз

Елімізде саяхатты сәнге айналдырған азаматтар жетерлік. Жиі саяхаттайтын жандарға ForteTravel қызметі авиабилеттер мен теміржол билеттерін алуға және қонақ үйге қатысты сервис түрлерін пайдалануға тиімді. ForteTravel арқылы әрбір жасаған қызметіңіз өзіңізге 4%-дық кэшбек түрінде қайтарылады. Сash-Back дегеніміз – банк картаңызбен тауарға төлеген ақшаңыздың белгілі бір пайызы өзіңізге қайтарылады деген сөз. Сонымен қатар, саяхаттауды өмір салтына айналдырғандар үшін MultiCard – өте жақсы мүмкіндік. Себебі, шетелде жүргенде қолма-қол ақша алып жүру – қауіпті. Бұл картаға әртүрлі валютада қаражатыңызды сақтауыңызға болады. Әлемнің қай бұрышында жүрсеңіз де ақшаңызды ешқандай комиссиясыз аласыз. Тіпті, MultiCard тегін сақтандыру пакетін бірге ұсынады. Сақтандыруды артық шығын санайтындар үшін таптырмас мүмкіндік.

Бірнеше банк картасын бір мобильді қосымшамен басқаруға болады

Бір басыңызда бірнеше банктің картасы бар ма? Ақшаңызды онлайн басқару үшін жеке-жеке қосымша жазуыңызға тура келеді. Мұндайда 2017 жылдың “Үздік мобильді қосымшасы” көмектеседі. ForteBank-тің мобильді қосымшасы арқылы бірнеше банк картасын қатар басқаруға болады. Яғни, ForteBank тұтынушысы болмасаңыз да, бір мобильді қосымшаға бірнеше банк картаңызды тіркеп, интернет банкинг қызметін еркін пайдаланасыз.

55 күндік пайызсыз несие

«CreditCard» несие картасы көмегімен 3 миллион теңге көлемінде несие алуға болады. Ең бастысы, ешқандай үстеме ақша төлемейсіз. Яғни, бұл несиені 55 күнге рәсімдеп, осы уақыт ішінде алған ақшаңызды үстеме ақысыз қайтарасыз. Тағы бір артықшылығы, бұл картамен жасаған әрбір қызметіңіз үшін қаражаттың 15%-ы кэшбек түрінде өзіңізге қайтарылады. Мысалы, ағымдағы жылдың сәуір айына дейін ForteBank тұтынушыларына 97 миллион көлемінде кэшбек қайтарылған. CreditCard-тың тағы бір артықшылығы – абоненттік төлемді талап етпейді және қарызды өтеудің ең төменгі мөлшерлемесі небәрі 1 пайызды құрайды.

Картасыз банконматтан ақша алуға болады

Банк картасын банкомат жұтып қойса немесе үйде ұмытып кетсеңіз де ақша алуға болады. ForteBank-тің кез келген банкоматында «Cash by code» функциясын қолдануға болады. Бұл қызметті пайдалану үшін смартфоныңызда банктің мобильді қосымшасы болуы керек. Сонда «Cash by code» қызметі телефоныңызға арнайы код жібереді. Сонда кез келген банкоматтағы қаражатыңызды осы қызмет арқылы алуыңызға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер