BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қай елдерде ең аз жалақы қазақстандықтардың минималды табысынан жоғары

Қазақстанның ең төмен жалақысы – Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі (ЕАЭО) ең аз жалақылардың бірі, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

Елімізде 2018 жылы ең аз жалақы 14% - 24 459 теңгеден 28 284 теңгеге дейін өсті. Әлі 100 долларға жеткен жоқ. Дегенмен Қазақстанның төмен табысы ЕАЭО елдерінде Қырғызстаннан жоғары тұр. Көрші ел 17 доллар жалақысымен ең төменгі көрсеткіш көрсетті. 2017 жылдың қараша айында Қырғызстан үкіметі елдегі ең аз жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4-5 есе аз екеніне алаңдады.

ЕАЭО елдерінің ішінде ең төменгі жалақы көрсеткіші Ресейде жоғары – 164,6 доллар. Белорусияда - 154,6 доллар. Арменияда минималды жалақы 100 доллардан асады.

Бұдан басқа, АҚШ-тың әр штатында әртүрлі ең төмен жалақы деңгейі бар. Америкалықтар қазақстандықтың бір айлық табысын, орта есеппен, бір апта ішінде таба алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер