BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ипотекалық қарыздарды қаржыландыру бойынша өтініштер қабылдау мерзімі аяқталуда

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. ҚИК арқылы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға құжаттар қабылдаудың аяқталуына дейін екі айдан аз уақыт қалды.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ хабарлауынша, қазақстандықтарға ҚР Ұлттық банкінің Ипотекалық тұрғын үй / ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша валюталық қарыз алушылардан өтініштерді 2018 жылғы 15 желтоқсанға дейін қабылдайды.

Теңгеде берілген қарыздар бойынша өтініштер 2019 жылғы сәуірге дейін қабылданады.

«Бүгінде компанияның ипотекалық портфеліндегі шетелдік валютадағы несиенің 70% қайта қаржыландыруға мақұлданды және олардың 48%-ы қайта қаржыландырылды. Осы бағдарламаға сәйкес Қазақстан азаматтары 2004-2009 жылдары алған ипотекалық қарыздары бойынша төлемдерді немесе 2016 жылға дейін алған шетел валютасындағы ипотекалық қарыздарды төмендете алады. Қайта қаржыландыруға халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын қарыз алушылар, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылар, сондай-ақ шетел валютасында ипотека алған қарыз алушылар өтінім бере алады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, шетел валютасында берілген ипотекалық қарыздарды еркін айырбастау бағамы 188,35 теңге. ХӘОТ жататын азаматтар үшін қарыздарды АҚШ долларынан теңгеге айырбастағаннан басқа, қайта қаржыландырудан кейін пайыздық мөлшерлеме жылына 3%-ға дейін төмендейді.

Жалпы, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ипотекалық тұрғын үй / ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға тек компанияның несие портфелінде қарыздары бар клиенттерден өтініштер қабылдады.

ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға сондай-ақ бірқатар қазақстандық екінші деңгейлі банктер қатысуда.

Теңгедегі және шетел валютасындағы Ипотекалық тұрғын үй / ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы талаптарымен «ҚИК» ИҰ» АҚ немесе 8 800 080 44 48 жедел желі телефондары бойынша толығырақ танысуларыңызға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер