BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ипотекалық несие секторында Темiрбанк пен ЦентрКредитБанктің үлесі басым

Астана. 11 желтоқсан. Baq.kz - Ипотекалық несиелеу секторындағы ең қомақты үлестер Темiрбанк пен ЦентрКредитБанктеріне тиесілі. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, банктердің қоржындарында, тұрғын-үй бағытындағы қарыздардың үлестері, сәйкесінше, 24 және 17%-ды алады. Бұл туралы Ranking.kz порталының зерттеу нәтижесіне сүйене отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Жалпы, ЕДБ бойынша, қарыз қоржынындағы ипотеканың салмағы 9%-дан төмен түсті. Қазан айында, халыққа тұрғын-үй мақсатында 25 миллиард теңге көлемінде қарыз берілген, бұл сома осы айдағы ЕДБ бойынша берілген барлық несиелердің 3,5%-ын ғана құрайды. Банктер қоржындарында ипотека 8,7%-ға дейін төмендеді.
Бүгінде бірінші эшелондағы несиелендірушілер, ипотеканы маңызды бағыт ретінде қарамайтын болған. Казкомның қоржынындағы халыққа тұрғын-үй бағытында берген қарыздар көлемі, небәрі 6,3%-ды құраса, Халық Банкінде - 6,5%. Аталмыш екі банкте ипотекалық қарыздар көлемі 2012 және 2011 жылдардың қорытынды кезеңіне қарағанда азайған.
Жалпы, нарықта, ипотекалық нарықтың үздіктерінен құралған жаңа орта қалыптасуда. Бұл ортадағы банктер қоржындарындағы ипотеканың үлестік салмағын қаржы институттары арқылы арттыруда. Ипотекалық несиелеу нарығындағы үздік ондықтың ішіндегі бірінші тұрғыны Темірбанк қоржындағы ипотеканың салмағы - 23,7%. Банк бірінші жартыжылдықта ипотекалық қоржынды 4 миллиард теңгеге ұлғайтып, жалпы көлемін 71,5 миллиард теңгеге жеткізген (өсім 5,8%). Нәтижесінде, банк нарықтағы үлесін 7,5%-ға жеткізді және әрі қарай ипотекалық бағытты белсенді дамытуда.
БЦК қоржынында, ипотекалық қарыздар үлесі 17,1%. Банк, жартыжылдықта нарық үлесін 0,5%-ға қысқартып, 16,7%-ға түсті. БЦК-да берілген ипотекалық қарыздардың жалпы көлемі - 160 миллиард теңгеге жуық.
Альянс банкінің қарыз қоржынындағы ипотекалық қарыздардың үлесі - 11,3% (77,8 миллиард теңге). Банк, жартыжылдықта тұрғын-үй мақсатындағы қарыздар көлемін 385 миллион теңгеге азайтқан. Нарық үлесі 8,2%-ға дейін төмендеді.
Қоржындағы ипотеканың салмағы бойынша алғашқы үштіктегі банктерге ҚР ЕДБ бойынша берілген ипотекалық қарыздардың үштен бірі тиесілі.

 

Мөлдір АСҚАР 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер