BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Инвестиция саласында салықтық, кедендiк және экологиялық даулар жиi кездеседi - судья

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Инвестиция саласында салықтық, кедендiк және экологиялық даулар жиi кездеседi. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соттың судьясы Қайыпжан Нұржан «Инвестицияларды қорғаудың институционалдық тетiктерiн жетiлдiру. ҚР-ның инвестициялық даулар және төрелiк туралы заңнаманың жаңашылдықтары» атты дөңгелек үстел барысында мәлiмдедi, хабарлайды Baq.kz.

«Бүгiнгi таңда Астана қалалық сотына бiрiншi инстанция бойынша 14 азаматтық iс түсiп, қаралып жатыр. Оның барлығы қаралып болғаннан кейiн аппеляциялық тәртiппен Жоғары сотта қаралады. Бұл даулардың негiзгi бөлiгiн салықтық, кедендiк және экологиялық саладағы даулар құрайды. Олар инвесторлардың мемлекетпен бекiткен келiсiмшарттарындағы шарттар бойынша туындаған даулар», - дедi судья.


Атап өтсек, дөңгелек үстелге Президент Әкiмшiлiгi, мемлекеттiк органдардың басшылары, судьялар, Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес мүшелерi, басқа да лауазымды тұлғалар мен «Теңiзшевройл», «Лукойл», «Қазақмыс корпорациясы», «Шұбаркөл көмiр» мен басқа да елiмiздегi iрi инвесторлардың өкiлдерi қатысып отыр.
Дөңгелек үстел шеңберiнде инвестициялық дауларды шешудiң мәселелерi мен келешегi, инвесторлардың мәртебесiн анықтау, инвестицияларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етудегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рөлi, салық даулары бойынша сотқа дейiнгi аппеляцияның тетiктерiн қайта қарау, жер қойнауын пайдалану туралы заңнама бойынша мәселелер қаралуда.

Фото: berg.com.ua


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер