BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Инвестиция салымы 7,4 пайызға өскен

Астана. 11 шілде. Baq.kz – 2013 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2281,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 7,9% артық. Бұл жөнінде Статистика агенттігі хабар таратты.

2013 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8737,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 1,8% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,2%, өңдеу өнеркәсібінде 1,8%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,5% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс 11,9% төмендеген.
Ал ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 510,3 млрд. теңгені құрып нақты көріністе, өткен жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда деңгей 1,4% артық өскен.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер