BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халықтың миллиардтары түсініксіз тәсілмен басқарылып отыр – депутат

Бірыңғай зейнетақы мен Міндетті медициналық сақтандыру қорларының қаржысы талан-таражға түсу қаупі жоғары. Депутаттар Үкіметтен қор басшыларының әр тиын үшін жауапкершілігін заңмен бекітуді сұрады. Себебі, қыруар қаржы бюджеттің жыртығын жамауға жұмсалуы мүмкін деген күдік бар.

Оның үстіне халық зейнетақысының табысы 2016-да инфляциядан аса алмай, қор таза шығынға ұшырағанымен, ешкім жауапқа тартылмапты. Ал одан бір жыл бұрын, зейнетақы қоры Ұлттық банкке тиімді басқарды деген желеумен 20 миллиард теңгені комиссия ретінде ұстата салған. Анығында, банк тек өз міндетін орындаған. Тіпті қор табысын еселеп көрсетіп, топ-менеджерлеріне сыйақы таратқан дейді халық қалаулылары. Енді осындай бейберекетсіздік Міндетті медициналық сақтандыру қорын да жайлауы мүмкін. Сондықтан депутаттар екі қордағы халық ақшасының жұмсалып, сақталуының ашықтығын талап етті. Қаржының қайда құйылғанын да қор өз сайтында жариялауы тиіс.

Екатерина Никитинская, Мәжіліс депутаты:

-Халықтың миллиардтары түсініксіз тәсілмен басқарылып отыр. Салымшыларды болар іс болып, ақша жұмсалып кеткеннен кейін ғана хабардар етеді. Бұлай бара берсе, бұл ұйымдар халық сенімінен мүлдем айырылады.

Дереккөз: КТК


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер