BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халықтың криптовалютаға қызығуы қауіпті – Келімбетов

«Астана» ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, қаржы орталығы блокчейн технологиясын дамытумен айналыспайды, әзірге мұндай технологияларды қалай қолдану керегін зерттейді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Криптовалюта мен блокчейнді дамыту төңірегіндегі сұрақтар әлемнің өзін қызықтырып, дүрліктіріп отыр. Бірнеше елде жаңа технологиялар бойынша блокчейнді енгізу және зерттеу орталықтары құрылып жатыр. Бұл технологиялар туралы айтар болсақ, орталықсыздандырылған ақпаратты сақтау және қаржы саласындағы қауіпсіз транзакцияларды қамтамасыз ету. Сол себепті біз бұл бағытты белсенді түрде қолдаймыз. Елімізде бұл саланы зерттеп жүрген Consensus, WIPS секілді бірнеше компаниялармен осы бағытты зерттеуді жалғастырамыз», - деді Қайрат Келімбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Астана» ХҚО криптовалюта шығарумен айналыспайтынын, тек оны зерттеумен шұғылданатынын мәлімдеді.

«Бізге «Халықаралық қаржы орталығы ұлттық криптовалюта шығармай ма?» деген сұрақты жиі қояды. Шыны керек, ұлттық криптовалютаны құру мәселесін Англия банкі, Сингапурдің орталық банкі, әлем елдері жан-жақты зерттеп жатыр. Бұл процесс әлі зерттеу кезеңінде, бірақ ешкім нақты шешім шығара алған жоқ. Ал Қазақстанда криптовалютаны құру мәселесі Ұлттық банктің құзіретіне жатады», - деді ол.

Оның айтуынша криптовалютаға халықтың жаппай қызығып отырғаны өте қауіпті. Мұнымен тек кәсіби инвесторлар айналысуы тиіс.

«Көпшілігіңіз биткоин, басқа да валюта курстарын белсенді түрде қарап отырғандарыңызды білемін. Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумында кездескен көптеген әлемдік лидерлер мен Қаржы министрлері болып жатқан дүрлікпені алып-сатарлық құрал ретінде қарастырып, инвестерлорға қауіп-қатер тудыратынын айтты. Қандай да бір өнімге инвестиция салғанда өсім үнемі жоғарылай береді деп ойламау керек. Ерте ме, кеш пе мұның бәрі көпіршік секілді жарылатынын бәріміз біліп отырмыз. Бірақ бұл күйреудің қашан болатынын ешкім де білмейді. Сол себепті халықтың жаппай мұндай нәрселермен белсенді түрде айналысуы қауіпті. Мұнымен кәсіби инвесторлар айналысуы тиіс. Дегенмен бұл олар үшін де қауіпті. Ал «Астана» ХҚО блокчейнді дамытумен айналыспайды, біз тек блокчейн теxнологияларын қолдану жағын ғана зерделеп жатырмыз», - деді Қ.Келімбетов бүгін Үкімет үйінде өткен бапасөз мәслиxатында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер