BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халықтың ақшалай табысы 5,1%-ға артты

Астана. 13 желтоқсан. Baq.kz - ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2013 жылғы қазанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 55135 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,1%-ға арттық. Ал, нақты ақшалай табыстар 0,2%-ға өсіпті.

2013 жылғы қазанда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,2 -1,7 есеге артық.
Табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді. Осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 62,7%-дан 79,9%-ға дейін құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысында белгіленді.
2013 жылғы қазанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады.
 

 

Мөлдір АСҚАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер