BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халықаралық қаржы орталығы қызметкерлерінің 90%-ы – қазақстандықтар

2018 жылдың 1 қаңтарында жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметкерлерінің 90%-ы – Қазақстан азаматы. Бұл туралы АХҚО басшысы Қайрат Келімбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Штатқа қатысты біз жоспарлап отырмыз... Ресми түрде штатта 100 адам бар, оны көбейту жоспарда жоқ. Штаттағы қызметкерлердің 90%-ы – Қазақстан азаматы. Негізінен жас буын өкілдері, «Болашақ» секілді бағдарламамен әлемдік университеттерде, АҚШ-тың, Ұлыбританияның жетекші ЖОО-да оқығандар. АХҚО-ның барлық қызметкері кемінде ағылшын тілінде сөйлейді. Көпшілігі бірнеше тілді меңгерген. Халықаралық департамент қызметкерлері болса қытай тілін біледі. Штат қатты көбеймейді», - деді Қайрат Келімбетов.

Оның айтуынша, әлемдік және қазақстандық үздік университеттердің түлектері "Астана" халықаралық қаржы орталығында жұмыс істей алады.

«Бұл орталық – АХҚО-ның әкімшілігі ғана емес, сонымен бірге ішкі халықаралық қаржы орталығы ретінде тіркелген компания. Сол себепті жас компаниялар, стартаптар, қаржы саласында бар компаниялар АХҚО аясында тіркеліп, жұмыс істей алады. Орталыққа Назарбаев университетін, Қазақстанның жақсы ЖОО-ларын, «Болашақпен» әлемнің үздік унивеститеттерін бітірген 12 мың түлекті тарттық. Олар орталықта жұмыс істеу стандарттарына толықтай сай келеді. Біреуде тәжірибе аз, біреуде көп болса да, олардың сол университеттерде алған білімдері АХҚО-ны құруға көмек береді», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер