BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Fortebank "Самұрық-Қазынаға" 220 млрд теңге қаржы бөледі

Фото: интернеттен

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Fortebank» АҚ бұрын депозитте орналасқан сомасы 220 млрд. теңге қаражатты облигацияға конвертациялау туралы келісті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар бұл келісімді Елбасының экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіру және қор нарығын дамыту бойынша іс-шараларды қабылдау тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жасады.

«Бұл келісімге сәйкес банк Қор тобын жалпы көлемі 220 млрд теңгеге паритетті негізде қаржыландырады. Оның ішінде Қорға 75 млрд теңге, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ 75 млрд теңге және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 200 млн АҚШ долларына дейінгі көлемде қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы 3 тамызда биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында алдын ала айтылды», - деп жазылған хабарламада.

Қор «ForteBank»-тегі ахуал тұрақты және Банктің өтімділік деңгейі Қор тобына жарияланған көлемде қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік береді деп санайды. Бүгінде келісім аяқталу сатысында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер