BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Forte Bank төрағасы ауысты

Фото: Etoday.kz

Мағжан Әуэзов жаңа ұсынысқа байланысты қызметінен кетті. Forte Bank басқармасының төрағасы болып Гурам Андроникашвили тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы институтының шешімімен 2018 жылдың 9 ақпанынан бастап Мағжан Әуэзов банк төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатады. Бұл шешім оның директорлер кеңесі мүшесі болу, ары қарай директорлер кеңесі төрағасы болу ұсынысын қабылдауымен байланысты.

Сол себепті, бүгін Forte Bank төрағасы болып Гурам Андроникашвили тағайындалды. Осы уақытқа дейін ол бірінші орынбасардың қызметін атқарып келген болатын. Ал оның орнына бұрын Kassa Nova банкі төрағасының орынбасары болған Жұмабек Мамұтов келді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер