BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ерболат Досаев өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың мәселесіне қатысты пікір білдірді 

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Елбасының тапсырмасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға қатысты заң жобасын дайындап жатыр. Оның ішінде олардың жұмыс істеуін ынтыландыруда қарастырылған. Бірақ алдымен оларды есепке тұрғызу керек. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өзін-өзі жұмыспен пен қамтып отырған және ресми емес жұмысқа орналаспаған мәселеге ерекше тоқталып өткім келеді. Бұл мәселе көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге, салықтық әкімшілендіру сұрақтарына да қатысты. Қаржы министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселемен айналысып жатыр. Олар бірігіп, жұмысты бастап та кетті. Менің ойымша, Елбасының тапсырмасымен Еңбек министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қатысты заң жобасын дайындап жатыр. Оның ішінде олардың жұмыс істеуін ынтыландыруда қарастырылған. Бірақ алдымен өзін-өзі жұмысмен қамтып отырған азаматтарды есепке тұрғызу керек. Ол үшін кәсіпкерлік туралы кодекске өзгерістер енгізу қажет», - деді Үкімет басшысының орынбасары Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы орайда Ерболат Досаев аталған саладағы шешілмеген мәселелерге тоқталды.

«Өкінішке қарай, жеке кәсіпкер атанып жүрген азаматтардың бір бөлігі мен азаматтарымыз бақылаудан және біздің назарымыздан тыс қалып отыр. Бұл мәселені алдын ала «Атамекен» ҰКП-мен талқыладық. Енді біз оны қайта талқыға салуымыз керек. Менің ойымша, әрбір заңды тұлға, еліміздің әрбір азаматы біздің бақылауымызда болуы керек. Әсіресе, салықтарға қатысты мәселелерде. Ең бастысы олар салық төлеуі тиіс», - деп түйіндеді сөзін ҚР Премьер-министрдің орынбасары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер