BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Енді қазақстандықтар банктерден алтын құйма сатып ала алады

ҚР Ұлттық банкі Халыққа арналған тазартылған алтын құймаларды сату мен сатып алу бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Алтын құймалар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылады. Алтын құймаларды екінші деңгейдегі банктердің клиентке «күнбе күн» ақша төлеу арқылы кері сатып алу мүмкіндігі олардың өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болады.

Бағдарламаға қатысатын алтын құймаларды Қазақстан теңге сарайы дайындады және 10, 20, 50 және 100 грамм болып төрт түрде ұсынылды. Мәселен, 10 грамдық құймалар күрең қызыл, 20 грамдық – жасыл, 50 грамдық – көгілдір түсті арнайы ораумен және 100 грамдық құймалар – алтын түстес ораумен ұсынылды.

Әрбір құйма қорғаныш элементтерімен (құймалардың тегіс беті, микромәтін және бедерлі қыр) және құймаларды механикалық бүлінуден қорғайтын және ораудың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге мүмкіндік беретін арнайы ораумен шығарылады.

Қорғаныш орау да құйманың сапа сертификаты болып табылады. Сондықтан құйманы ұқыпты сақтау және орауын ашпау ұсынылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер