BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздегі банктер меншікті капиталдарын арттыруда

Фото: Kapital.kz

Банктер меншікті капиталдарын арттырып, еліміздегі екінші деңгейлі банктің 25-і табысты болып отыр. Жылдық өсім 2,4% құрады, бұл 3 трлн теңгеге дейінгі көрсеткіш, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ranking порталына сілтеме жасап

ҚР ЕДБ меншікті капиталдарының жиынтық көлемі бір жыл ішінде 2,4% ұлғайып (69,5 млрд тг), 2018 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша 3 трлн теңгені құрады. Салыстырар болсақ, 2017 жылғы ақпандағы мұндай өсім 15,7% (395,4 млрд тг) болатын.

ҚР ЕДБ меншікті капиталының үлес салмағы активтер портфелінде үшінші жыл қатарынан өсіп келеді, 2017-2018 жылдардағы ақпанда үлесі 11,7%-дан 12,7%-ға дейін өскен.

Меншікті капиталдың жылдық өсімі бойынша бірінші эшелонда (үлестері ҚР ЕДБ жиынтықты меншікті капиталының 5%-нан асатын банктер) ТҚЖБ мен Kaspi bank көш бастап тұр – екеуіндегі бір жыл ішіндегі өсім 26,6%.

ҚР ЕДБ-дегі ТҚЖБ үлесі бір жыл ішінде 4,3%-дан 5,3%-ға немесе 158,3 млрд теңгеге артты, ал Kaspi бойынша көрсеткіш – 4,4%-дан 5,5%-ға дейін немесе 163,3 млрд теңгеге артты.

Көшбасшы үштікті 25,9% немесе 810,1 млрд теңгеге дейінгі өсіммен Халық банкі тұйықтап тұр. ҚР ЕДБ-дегі үлесі 22,1%-дан 27,1%-ға дейін өскен.

Екінші эшелондағы банктер (1%-дан 5%-ға дейінгі үлесі бар) арасында Астана банкі көш бастап тұр, оның меншікті капиталының жылдық өсім көлемі 34,6%, 44,1 млрд теңгеге дейін болған. ҚР ЕДБ-дегі үлесі 1,1%-дан 1,5%-ға дейін өсті. Одан кейінгі орындарда Нұрбанк – 28,4%-ға, 61,9 млрд тг дейін және Qazaq Banki – 23,8%-ға, 48,3 млрд тг дейін өсіммен тұр. Олардың ҚР ЕДБ-дегі үлесі сәйкесінше 1,7%-дан 2,1%-ға дейін және 1,3%-дан 1,6%-ға дейін болған.

Үшінші эшелондағы банктер (нарықтағы 1%-ға дейінгі үлесі бар) арасында үздік үштікке Kassa Nova, ВТБ Банкі мен ТПБ Қытай кіріп отыр.

Kassa Nova-ның жылдық өсімі 17%-ды, 14,9 млрд тг құрады. ҚР ЕДБ-дегі үлесі 0,4%-дан 0,6%-ға дейін артты. Ал ВТБ Банкінің меншікті капиталы 15,9%-ға, 16,8 млрд тг дейін өскен. ҚР ЕДБ-дегі үлесі 0,5%-дан 0,6%-ға дейін ұлғайған.

ТПБ Қытай меншікті капитал көлемін бір жыл ішінде 12%-ға, 19,7 млрд тг арттырған. ҚР ЕДБ-дегі үлесі 0,6%-дан 0,7%-ға дейін ұлғайған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер