BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде қызмет ақысын электронды түрде төлеген азаматтар ақшасының бір бөлігін қайтарып алуы мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі электронды сауданың дамуына жағдай жасамақ, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Әділет министрлігінде «Сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Аталған заң жобасын мемлекеттік органға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бекешев таныстырды.

Осы орайда ол аталған министрлік және Ұлттық банк бірлесіп, бірыңғай төлем жүйесі жобасын қолға алғанын айтты. Ондағы мақсат – электронды сауданың дамуына жағдай жасау.

«Бірыңғай төлем жүйесі арқылы транзакциялар мен төлемдерді жүзеге асыруға болады. Яғни азамат ешқандай банкке бармай аталған қызметті пайдалана алады. Себебі, аталған жүйенің қызметін барлық банк қолданады. Азамат кез келген өнімді сатып алу барысында осы төлем жүйесін қолдануға мүмкіндігі бар. Ақша төлемдері БСН (БИН), дербес шоты арқылы жүргізіледі. Ұлттық банк аталған жүйені смартфондарға енгізгелі отыр», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Бауыржан Бекешев қызмет ақысын электронды түрде төлейтін азаматтарды ынталандыру үшін cash-back механизм енгізілгелі отырғанын жеткізді. Бұл қызмет ақысын электронды түрде төлеген азаматтарға ақшасының бір бөлігін қайтарып алып отыруға мүмкіндік береді.

«Сash-back механизмін енгізгелі отырмыз. Біз транзакцияларды электронды түрде жүзеге асыратын азаматтарға ҚҚС-дан (қосылған құн салығы) немесе сатып алынған тауардың бөлігінен процент беруді көздеп отырмыз. Аталған жүйені біз Астананың коммунальдық нарығында енгізуді жоспарлап қойдық», - деді вице-министр.

Осы орайда Бауыржан Бекешев жоғарыда аталған еліміздегі электронды сауданың дамуын көздейтін норма «Сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілетінін концепция екенін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер