BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Елімізде 160,4 млрд теңгенің валюталық қарызы қайта қаржыландырылды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсету аясында 2018 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша 156,8 млрд теңге сомаға 25 278 қарызды мақұлдап, 134,9 млрд теңге сомаға 23 286 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы 234,0 млрд теңге сомаға 31 247 өтінім қабылданды.

Сонымен қатар, бағдарламаның екінші бөлігі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

2018 жылғы 10 қарашадағы банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 34,3 млрд теңге сомаға 4 242 өтінімді мақұлдап, 21,5 млрд теңге сомаға 3 084 қарызды қайта қаржыландырды. Барлығы қарыз алу үшін 52,0 млрд теңге сомаға 5 069 өтінім қабылданды.

Валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2018 жылғы 30 желтоқсанда, қарыз алушының қарызды қайта қаржыландыруға өтініш беру мерзімі - 2018 жылғы 15 желтоқсанда аяқталады. Қарыздың бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.

Өңірлер мен банктер бойынша толығырақ ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Қазақстан Ұлттық банкі аумақтық филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің Бағдарлама талаптарын түсіндіру бойынша халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс нөмірлері Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған. Байланыс нөмірлеріне мына сілтеме бойынша қолжеткізуге болады.

Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер