Елімізде орташа айлық жалақы 109 970 теңгені құрады - Қаржы|16 Шілде 2013, 15:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде орташа айлық жалақы 109 970 теңгені құрады

Астана. 16 шілде. Baq.kz – 2013 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 109 970 теңгені құрады, деп хабарлайды Bnews.kz. 

Статситика агенттігінің мәліметінше, салалық құрылымдарда ең жоғары жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 199,4 мың теңге, кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 197,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,8 есе көп) және қаржы және сақтандыру қызметінде – 185,7 мың теңге (1,7 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркелді – 61,5 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,1%-ға төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 186,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 77,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,9%-ға төмен. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер