BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Егер ипотека берілмесе Қазақстан ІЖӨ-нің 1%-ын жоғалтады

Астана. 31 қазан. Baq.kz - Қазіргі таңда елімізде ипотекалық несие түрінің берілмей келе жатқаны немесе бірен-саран банктердің азғантай мөлшерде беріп жатқаны жасырын емес. Егер осылай жалғаса беретін болса, Қазақстан тұрғын үй нарығының 50-80%-ын және ІЖӨ-нің 1%-ын жоғалтады. Бұл туралы tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында "Казкоммерцбанк"АҚ басқарушы директоры Мағжан Әуезов мәлім етті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ипотека 20-25 жылға берілетін ұзақ мерзімді несие түрі болып табылады. Қандай да бір банк несиенің бұл түрін беру үшін оған қаржы институтын ұзақ мерзім бойы қаржыландыратын арнайы қаржы көзі керек. Себебі, ипотека өте сенімсіз әрі қатерлі өнім. Оның үстіне біз несие алушының мүмкіндігін жан-жақты тексеруіміз керек», - деді сөз басында Мағжан Әуезов.
Сондай-ақ, ол, қазіргі таңда Казкоммерцбанктың ипотекалық несие беруді тоқтатып қойғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұл оның пайыздық мөлшерлемесін көтерумен байланысты екен.
«Бүгінде үкіметке ипотека мәселесін шешу үшін несие алушымен берушіге де тиімді көптеген ұсыныстар жасалып жатыр. Әзірге олар тек талқыланып, жан жақты саралануда», - деді маман.
«Айта кетерлік жайт, егер дәл осылай елімізде ипотекалық несие берілмей немесе оның пайыздық үстем ақысы көтерілетін болса, онда мемлекет тұрғын үй нарығының 50-80%-ын және ІЖӨ-нің 1%-ын жоғалтады», - деп қаржыгер өз ойын қорытындылады.

 

Мөлдір Асқар


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер