Доллардың рекордтық сатылымы тіркелді - Қаржы|23 Тамыз 2013, 11:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Доллардың рекордтық сатылымы тіркелді

АСТАНА. 23 тамыз. Baq.kz - Қазақстанның валюта айырбастау пункттері АҚШ долларын сатудан абсолютті рекорд орнатты. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады.

«Қазақстанның валюта айырбастау пункттері америкалық валютаны сату көлемі бойынша абсолютті рекорд тіркеді. Шілде айында шамамен 2,5 млрд. доллар сатылып кетті, бұл маусым айындағы көрсеткіштен 60 пайызға көп», - делінеді хабарламада.

Бұның алдындағы рекорд 2009 жылы, теңгенің девальвациясы алдында орын алған болатын. Ол кезде валюта айырбастау пункттерінде 2,3 млрд. доллар сатылған. Америкалық валютаның сатылымы бойынша көшбасшылар: Қызылорда облысы - 90 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысы - 74 пайыз және Жамбыл облысы - 69 пайыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер